Preloader

Президенттің қатысуымен Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастықтары фестивалі басталды


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастықтарының бірінші гала-фестивалі басталды. Фестиваль жаңадан ашылған "Жекпе-жек" сарайында өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мемлекетіміздің тікелей қолдауы мен қамқорлығының арқасында елімізде дене шынықтыру және спорт дамуының барлық мүмкіншілігі жасалған. Бұл сала бүгінгі таңда маңызды әлеуметтік-экономикалық сала ретінде аяғынан нық тұрды деп айтуға болады. Осы сөзімнің айқын дәлелі — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған бүгінгі күні есігін бірінші рет айқара ашып отырған "Жекпе-жек" сарайы. Құтты болсын!", — деді фестивальдің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты РайымқұловаМинистр Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы еліміздің өңірлерінде жауынгерлік өнер фестивалін өткізгенін айтты.

"Жобаның басты мақсаты — өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Бүгінгі кеште Жауынгерлік өнер қауымдастығының құрамына кіретін жекпе-жек спортының 21 түрінен спортшыларымыздың өнерін тамашалаймыз", — деді ол.

Шара аясында кәсіби және әуеқой жекпе-жектер ұйымдастырылып, жарық шоуы болып жатыр. Каратэ, таэквонда, ММА, грэпплинг және басқа жекпе-жек түрлері бойынша спорттық машықтар көрсетілуде.

Айта кетерлігі, фестиваль 2019 жылдың мамыр айында Шымкент қаласында басталып, еліміздің барлық өңірлерінде өткізілген еді.



null

null


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/prezidenttin-katysuymen-kazakstannyn-zhauyngerlik-oner-kauymdastyktary-festivali-bastaldy_a3545564”