Preloader

Теннис: Зарина Дияс Манчестер турнирінің жартылай финалына шықты


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Манчестер ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 101-орында тұрған З.Дияс ширек финалда қытайлық, әлемнің 128-ракеткасы Сиюй Ванмен кездесті. Тартысты өрбіген бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда Зарина дес бермеді — 7:6 (7:1). Екінші сетте қазақстандық теннисшінің басымдылығы айқын көрінді — 6:2.

Бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды.

З.Дияс финалға шығу үшін осы турнирдің екінші, әлемнің 98-ракеткасы, америкалық Мэдисон Бренглмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Манчестер жарысының ширек финалына шыққанын, ал Александр Недовесовтің Шымкент турнирінің жартылай финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/tennis-zarina-diyas-manchester-turnirinin-zhartylay-finalyna-shykty_a3538413”