Preloader

«Хан Шатырдағы» бассейнде қыз бала суға батып кетті


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Елордадағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында 9 жастағы қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиғаның орын алғанын Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен растады.

«Баланың суға батып кеткеніне қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабы (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптама жұмыстары тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/han-shatyrdagy-basseynde-kyz-bala-suga-batyp-ketti_a3533548”