Preloader

Қарағандыдағы қайғылы оқиға: Батутты дұрыс орнатпаған азамат қамауға алынды


ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — "Бала өліміне әкеліп соққан үрмелі батутты қолданысқа енгізген Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны «сауық нысанын заңсыз әрі, талапқа сай орналастырмағаны» үшін ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды", — деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 25 мамырда Қарағанды қаласының Орталық демалыс саябағында қатты желдің салдарынан үрмелі батут аударылып кеткен болатын.

​Оқиға салдарынан 11 жастағы бала қаза тауып, тағы да 2 бала түрлі жарақаттармен емханаға жеткізілді.

​Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 306 бабы 3 тармағына сәйкес «Адам өліміне алып келген қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

​Тергеу барысы Қарағанды облысы Полиция департаментінің және прокуратурасы басшылығының бақылауында.

Сондай-ақ бүгін Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров жедел кеңес өткізді, онда уәкілетті органдарға үрлемелі аттракциондардың қызметін тоқтату, сондай-ақ орталық саябақтың барлық аттракциондарының қауіпсіздікке сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру туралы тапсырмалар берілді.

"Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары, батуттарды орнату фактілерін байқаған кезде полицияға хабарлауды өтінеміз.

Сонымен қатар, барлық ата-аналарды ойын-сауық және демалыс орындарына бару кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырамыз", — деп xабарлады

Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/karagandydagy-kaygyly-okiga-batutty-durys-ornatpagan-azamat-kamauga-alyndy_a3530571”