Preloader

Алматы облысында «суицидке жеткізу» бабымен оқушы өлімі тергелуде


ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат — Алматы облысының Талғар ауданында асулы күйінде табылған 15 жастағы оқушының өліміне байланысты соталды тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аслан Ғазизов Талғар ауданының Туғанбай ауылындағы мектептердің бірінде 9-сыныпта оқыған.

«Полицияға көз жұмған баланың ата-анасынан арыз түсті. Қазіргі уақытта осы дерекке сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 105-інші, яғни «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс Талғар аудандық полициясының өндірісінде. Дегенмен, тергеу ісін Алматы облысы полициясының Тергеу басқармасы өзінің қатаң бақылауына алды», — деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев.

Баланың ата-анасы ұлдарының өліміне мұғалімдерді кінәлап отыр. Асланның анасы Бақыт Сейсенбинованың сөзінше, мұғалімдер баласына ауыр сөздер айтып, намысына тиген.

Айта кетейік, оқиға 27 ақпан күні болған. Мектептен үйіне келген Аслан Ғазизов қорада асулы күйінде табылды.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almaty-oblysynda-suicidke-zhetkizu-babymen-okushy-olimi-tergelude_a3505954”