Preloader

Арал ауданындағы ауылда өртенген мектеп қалыпқа келтірілді


ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат — Арал ауданындағы Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты мектепте орын алған төтенше жағдайға байланысты аудан әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

- Аталған ғимарат 2006 жылы тұрғын үй ретінде салынып, 2010 жылы бастауыш мектеп ретінде «Арал аудандық білім бөлімі» КММ-нің «№ 21 орта мектебі» КММ-нің теңгеріміне берілген. Мектепте 1-4 сынып аралығындағы 13 оқушы білім алуда және 3 мұғалім мен 1 техникалық қызметкер жұмыс атқаруда. Бастауыш мектебінің жалпы көлемі 72 шаршы метр (9м х 8м,) І-қабатты, қабырғалары — қамыс-каркас, төбесі шиферленген ғимаратының кіре-беріс бөлмесінде орналасқан жылыту пеші мұржасының айналасындағы көлемі 2 шаршы метр(2м х 1м) төбе қаптамасы өртенген,- деді Бектемір Жұмағұлов журналистерге берген сұхбатында.

Қазіргі күні қалыпқа келтіру жұмыстары толық аяқталып, оқу процесіне ешбір кедергісіз жалғасуда.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/aral-audanyndagy-auylda-ortengen-mektep-kalypka-keltirildi_a3501896”