Preloader

Көпшілік Жұлдыз Әбдікәрімованы Кәмшат Жолдыбаевамен шатастырып алды (фото)

Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың жұбайы мен Кәмшат Жолдыбаеваны шатастырып алған. Хитменнің әйелі мен "Кешьюдің" бұрынғы әншісінің ұқсайтынын оқырмандар жарыса жазуда деп хабарлайды NUR.KZ.



Жұлдыз Әбдікәрімова, Жолдыбаева. Фото: Гүлзира Айдарбекованың жеке парақшасы,vkfaces.com. Коллаж:NUR.KZ

Жұлдыз Әбдікәрімова, Жолдыбаева. Фото: Гүлзира Айдарбекованың жеке парақшасы,vkfaces.com. Коллаж:NUR.KZ



Келінінің өзіне тартқанын айтқан Гүлзира Айдарбекова Жұлдыздың суретінпарақшасына салып қойған.



Алайда оқырмандар Жұлдызды енесіне емес, әнші Кәмшат Жолдыбаеваға ұқсатқан.



"Мен Кәмшат екен деп ойладым", "Жазбаны оқымай тұрып, Жолдыбаевамен шатастырып алдым", "Жұлдыз өзгеріп кеткен бе?", "Кәмшатқа ұқсап қалыпты мына суретте".
"Қазір бәрі бояумен бір-бірімен ұқсай береді ғой", "Екеуіңізде еріндеріңізді үлкейткенсіздер ме? Жұлдызды Кәмшат екен деп қалдым", "Қайраттың келіншегін мүлде танымай қалдым" деп жазды оқырмандар.




Айта кетейік, он жыл бойы ел көзінен тасада болған Жұлдыз Әбдікәрімованы енесі өткен жылы "Арман" фильмімен көпшілікке таныстырған болатын. Бүгінде Қайраттың жұбайы отандық бағдарламаның тізгінін ұстап отыр.



Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртас әйелін жұмысқа шыққалы қызғанатынын айтқан болатын.



Хитменнің әндерін қосымшасынан тыңдай аласыздар.


Источник: “https://kaz.nur.kz/1762629-kpsilik-zldyz-bdikrimovany-kmsat-zoldybaevamen-satastyryp-aldy-foto.html”